Түркияда Ыстамбұл мэрі Экрем Имамоғлу сотталды

950
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/OMtGWO0ymBy9smeG1x46TRvxRjFHCIUZFth7y7GD.png

Түркияның Ыстамбұл қаласының мэрі Экрем Имамоғлу сот үкімімен 1 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Жергілікті БАҚ мәліметінше, Имамоғлу мемлекеттік айыптаушыны қорлап, қорқыту әрекеттеріне барғаны үшін кінәлі деп танылды. Алайда сот шешіміне сәйкес, оған саяси қызметпен айналысуға тыйым салынған жоқ. Қала басшысының адвокаттары үкімге шағым түсіретіндерін мәлімдеді.

Сот отырысы Ыстамбұлдағы Силиври түрмесінде өтті. Имамоғлу өз кінәсін жоққа шығарып, бұл істің саяси астары бар екенін алға тартты.

“Мен ешкімді қорқытқан жоқпын. Мен сот жүйесін саяси қару ретінде пайдалануға қарсы күресіп келемін. Бұл ұлтты қорлау деген сөз”, – деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

Пікірлер