Президент ақын Исраил Сапарбайдың отбасына көңіл айтты

1685
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/N5hqfHTqrwTh4q8dfoOSlA3uzwTvdsYAiVMJgMdN.webp

Мемлекет басшысы ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Исраил Сапарбайдың отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорда жариялады, деп хабарлайды “Адырна”.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті ақын, сазгер, Қазақстанның халық жазушысы, «Парасат» орденінің иегері Исраил Сапарбайдың дүниеден өтуіне байланысты отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты.

«Исраил Сапарбай ғибратты ғұмырын киелі сөз өнеріне арнаған, төл әдебиетіміздің көкжиегін кеңейтуге зор үлес қосқан дарынды қаламгер еді. Ұлттық поэзия мен драматургияда өзіндік қолтаңбасын қалдырып, нағыз шығармашыл тұлға ретінде өнімді еңбек етті», – деп жазылған жеделхатта.

Бұған қоса, президент ақынның ұлтжанды азаматтығын халық жоғары бағалағанын атап өтті.

«Қалың оқырман өміршең туындыларымен қатар ұлтжанды азаматтығын жоғары бағалады. Соңына бай әдеби-мәдени мұра қалдырған Исраил Сапарбайдың жарқын бейнесі мен есімі ұмытылмайды», – деп жазды Тоқаев.

18 шілдеде қазақ ақыны, драматург, сазгер Исраил Сапарбай 85 жасқа қараған шағында өмірден өтті.

Пікірлер