Жел салдарынан. Астанадағы құрылыс алаңында кран құлап, бір адам қаза тапты

1363
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/btLgeRyBM0MoPwqppA15Saw9365vyI4LdPWParU2.webp

Астана қаласында қатты жел салдарынан құрылыс алаңындағы мұнаралық кран құлап, бір жұмысшы мерт болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

 Оқыс оқиға 18 шілде күні сағат 20:07 шамасында Тұрар Рысқұлов көшесі, 18/5 мекенжайында орналасқан «Абырой» тұрғын үй кешенінің аумағында тіркелді.

Оқиға сәті бейнежазба арқылы әлеуметтік желіде тарап, жұртшылықтың назарын аудартты. Қатты желдің салдарынан құрылыс техникасы аударылып, салдарынан бір адам тіл тартпай кетті.

Қайғылы жағдайға қатысты түсініктеме берген BI Group құрылыс компаниясының мәліметінше, кран техникалық жағынан дұрыс күйде болған және жұмыс басталғанға дейін қажетті тексеруден өткен.

«Оқиға болған сәтте кран операторы жұмысын аяқтап жатқан. Өкінішке қарай, кранның құлауы салдарынан мердігер ұйымның бір қызметкері қаза тапты. Қаза болған адамның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз», — делінген компания таратқан хабарламада.

Компания қаза болған адамның отбасына жан-жақты көмек көрсетілетінін және тиісті органдармен бірлесіп, тергеу нәтижелері бойынша барлық шаралар қабылданатынын мәлімдеді.

Айта кетейік, төтенше жағдай қызметінің дауылды ескертуі оқиға тіркелгеннен кейін ғана келіп түскен. Қазіргі таңда оқиға орнында тиісті мамандар жұмыс істеп жатыр.

Пікірлер