2025 жылдың 29 шілде күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанның шақыруымен Түркияға ресми сапармен барады. Бұл туралы Ақорда жазды, деп хабарлайды "Адырна".
Дереккөзге сүйенсек, екі ел басшылары Анкарада келіссөз жүргізіп, қазақ-түрік стратегиялық серіктестігін одан әрі нығайту мәселесін талқылайды.
Сондай-ақ президенттер Қазақстан мен Түркия арасындағы Жоғарғы деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің бесінші отырысын өткізеді.
Ұқсас жаңалықтар