Астана қаласындағы «Нұрсұлтан Назарбаев» халықаралық әуежайының халықаралық терминалында 27 шілде күні кешкі сағат 19:36-да су тасқынына ұласқан төтенше жағдай орын алды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Әлеуметтік желілерде тараған видеоларда судың құбырдан қатты қысыммен атқылап, айналаны түгел су басқаны, тіпті қабырға қаптамасының арасынан да су шыққанын байқауға болады.
Оқиғаның нақты себебі — бірінші қабаттағы нөсер суын ағызатын құбырдың зақымдануы. Әуежайдың баспасөз қызметінің мәліметінше, мамандар бар болғаны 12–20 минут ішінде ақауды қалпына келтіріп, жағдайды бақылауға алған.
Аталған оқиға әуежай жұмысына әсер етпеді — рейстердің кешігуі де, тоқтатылуы да тіркелген жоқ. Қазіргі уақытта әуежай штаттық режимде жұмыс істеуде.
Ұқсас жаңалықтар