Астанада жиһаз дүкенінде жойқын өрт болды

2958
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/01/izobrazhenie_2024-01-24_112501508.png
Астанада жиһаз цехында ірі өрт болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеп. «23 қаңтарда сағат 21.20-да Астана қалалық ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері Дүкенұлы көшесі, 31/11С мекенжайындағы өрт туралы хабарлама бойынша әрекет етті. Оқиға орнына жеткенде сағат 21.26-да жоғарылатылған разряд бойынша жиһаз жасау цехында 1200 шаршы метр аумақта жиһаз дайындамалары, пластмасса және резеңке бұйымдары жанып жатқаны анықталды», - делінген сәрсенбідегі хабарламада. Оқиға орнында өрт сөндіру штабы құрылды. «Өрт сөндірушілердің жедел және келісілген әрекеті өрттің жақын маңдағы ғимараттарға таралуының алдын алды. Өрт сөндірушілер өртті сағат 22:40-та ауыздықтап, 23:19-да толық сөндірді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге астаналық төтенше жағдайлар департаментінен 93 адам мен 18 бірлік техника, сондай-ақ Апаттық медицина орталығының қызметкерлері жұмылдырылды», - делінген хабарламада.
Пікірлер