Путиннің қауіпсіздік қызметі дрондарға қарсы жаңа құрылғылар қолдана бастады

1077
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/WGRQS4JEkY6OqLCbK08UdksPs2oWWkXSy7Qyrv0t.jpg

Ресей президенті Владимир Путиннің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында арнайы құрылғылар қолдана бастады. Қауіпсіздік қызметі қазіргі таңда FPV-дрондарын басып алу және олардың сигналдарын бөгей алатын құрылғыларды пайдалануда. Бұл шаралар президентке жақындаған дрондардан қорғануды қамтамасыз ету үшін енгізілген, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы ArbatMedia сайтына сілтеп.

 Ресей президентінің қауіпсіздік қызметкерлері дрондарды басып алу құрылғыларын қолдана бастады. Бұл құрылғылар Владимир Путинге жақындаған дрондардан қорғануға арналған.

Бұл шараларға дрондарды пайдалану жағдайлары көбейген соң қажеттілік туындаған. Бұған дейін президенттің қауіпсіздігіне жауапты қызметкерлер жоғары киімдерінің астына бірнеше килограммдық бронежилеттерді таситын болса, енді оларға дронға қарсы жабдық та қосылды.

FPV-дрондары соғыс аймақтарында белсенді қолданылып келеді, алайда соңғы уақытта олар бейбіт қалаларда да қолданылып, қорғалған объектілерге шабуыл жасау әрекеттері байқалуда.

Пікірлер