Путин Ресейдегі күзетке қару таратуды заңдастырды

1790
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/I82bMo5xgGdzU0mSc7jICYBgV6f4XarYPjTUiX6D.jpg

Ресей президенті Владимир Путин ведомстволық күзет қызметкерлерін атыс қаруымен жарақтандыру туралы заңға қол қойды. Бұл туралы ресейлік БАҚ мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Жаңа заңға сәйкес, федералды органдар мен стратегиялық маңызы бар мекемелердің ведомстволық күзетінде жұмыс істейтін 250 мыңға жуық қызметкер атыс қаруын уақытша пайдалану құқығына ие болады. Оларға калибрі 20 мм-ге дейінгі қару мен оқ-дәрі Росгвардия мамандарының арнайы нұсқаулығынан өткеннен кейін беріледі.

Ресми түсіндірмеге сай, бұл шешім әуе, суасты және суүсті дрондардан төнетін қауіпке қарсы шара ретінде қабылданған. Күзетшілер қарумен қоса қорғаныс дулығалары мен өзге де арнайы құралдармен де жабдықталады.

Айта кетейік, бұрын ведомстволық күзет қызметкерлері қару мен арнайы құралдарды тек өздері күзететін нысандарда ғана және қылмыскерлерді тікелей қудалау барысында қолдана алатын. 

Пікірлер