"Қыз мұраты - кету". Қарындасына ән арнаған Димаш Құдайберген әсерлі жазба жариялады

948
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/bAZAS7J2hIsI675xTcUIlTmeBIAeAVdgBI7s5mGH.webp

Әнші Димаш Құдайберген қарындасы Раушанды ұзатып, әсерлі жазба жариялады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

 Құдайбергеновтер отбасы “құдалық” пен “үлкендерден бата алу тойын” ұйымдастырып, қуанышпен бөліскен.

Той кезінде Димаш қарындасына арнайы ән арнап, «Қарлығашым, ұя салғанда…» атты туындыны орындады. Ән арқылы ағалық ақ тілегін жеткізген өнер иесінің сөзі ел жүрегін елжіретті.

«Жол мұраты – жету, қыз мұраты – кету» дейді халқымыз. Оны ұғынсақ та, бауыр етінен бөлініп, қарындасты өзге елге ұзату оңай емес екен. Бірақ ата-анасының, туған-туыстарының ризашылығымен ұзатылып бара жатқаны көңілге медет. Қолымыздан ұшып бара жатқан қызымыздың қонған жері құтты болсын! Барған еліне тастай батып, судай сіңсін. Қосағымен қоса ағарсын! Раушантайыма Мансұр ініммен бірге шын жүректен осы әнімізді арнаймыз», — деп жазды Димаш әлеуметтік желіде.

Раушан Құдайберген де тойдан естелік суреттерімен бөлісіп, Үлкендерден бата алу тойынан естелік суреттер” деген жазба қалдырды.

Пікірлер