Үндістанда жол талғамайтын көлік өзенге құлап, 11 адам қаза тапты

1025
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/WPKE8cuxPJKqiyb4tg6IJe73ybFmS49cjwsng1fo.jpg

Үндістанның солтүстігіндегі Уттар-Прадеш штатында жолаушылар мінген жол талғамайтын көлік Сарью өзеніне құлап, 11 адам қаза тапты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

NDTV телеарнасының мәліметінше, оқиға салдарынан 11 адам қаза тауып, бірнеше адам жарақат алған.

«Көлікте кем дегенде 14 адам болған. Батып бара жатқан көлікті жолдан өтіп бара жатқан адамдар байқап, жергілікті полиция бөлімшесіне дереу хабар берген. Құқық қорғау органдары мәйіттерді судан алып шыққан кезде қаза тапқандардың арасында балалар да бар екені анықталды», – делінген хабарламада.

ANI агенттігінің хабарлауынша, көлік Притхвинах ғибадатханасына құлшылық етуге бара жатқан. Барлығы 15 адам болған. 

Үндістан сыртқы істер министрлігінің өкілі Рандхир Джайсвалдың айтуынша, 4 адам аман қалған. Олар жеңіл жарақат алып, аудандық ауруханаға жеткізілген.

Пікірлер