Әзербайжан Украинаға көмек көрсетуге 2 млн доллар бөлді

1906
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/jqMHvCVVgi9es7qFwwTw6Egap84kGr4OHjp96WUi.webp

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Украинаға гуманитарлық көмек көрсету үшін қаржы бөлу туралы өкімге қол қойды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

"2025 жылға арналған Әзербайжан Республикасының мемлекеттік бюджетіндегі Әзербайжан Республикасының президентінің резервтік қорынан Украинаға гуманитарлық көмек көрсету мақсатында электр жабдықтарын сатып алу және жөнелту үшін Әзербайжан Республикасының энергетика министрлігіне 2 миллион АҚШ долларына тең манат көлемінде қаражат бөлінді", – делінген өкімде.

Айта кетейік, 10 тамыз күні Владимир Зеленский АҚШ президенті Дональд Трамптың қолдауымен Әзербайжан мен Армения арасындағы бейбіт келісіммен құттықтап, Ильхам Әлиевке қоңырау шалды.

"Телефон арқылы әңгімелесу барысында тараптар Ресейдің Украина аумағындағы Әзербайжанның SOCAR компаниясының мұнай базасына және басқа да нысандарына, сондай-ақ Әзербайжан газын Украинаға жеткізетін газ компрессорлық станциясына жасалған әдейі әуе шабуылдарын айыптады. Сондай-ақ, бұл жағдайдың Әзербайжан мен Украинаның энергетика саласындағы ынтымақтастығын тоқтатпайтынына сенім білдірді", – деп жазды Әзербайжан президентінің баспасөз қызметі.

Пікірлер