Жапаров Трамп пен Стармерді санкция мәселесінде саясатты экономикамен шатастырмауға шақырды

1660
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/U5bDejOQElQETLlVf5Q7m8HLbXQqCwGKI2GzsnQH.jpg

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Батыс елдерінің басшыларын, оның ішінде АҚШ президенті Дональд Трамп пен Британия премьері Кир Стармерді Қырғызстан банктеріне қарсы санкциялар енгізу кезінде саясат пен экономиканы шатастырмауға шақырды. Бұл туралы ол 20 тамызда Ұлыбритания Қырғызстанның «Орталық Азия Капитал Банкіне» санкция енгізгеннен кейін «Кабар» агенттігіне берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды “Адырна”.

Қырғызстан президенті биыл қаңтар айында АҚШ «Керемет Банкке» Ресейге қарсы санкцияларды айналып өтуге қатысы бар деген күдікпен санкция салғанын еске салды.

«Алайда олар бірде-бір заңбұзушылық фактісін дәлелдей алған жоқ. Дәлелдей де алмайды, себебі ондай фактілер жоқ және болмаған», — деп атап өтті Жапаров.

Ол Қырғызстанда 21 банк жұмыс істейтінін және басқа банктерге санкция қаупін болдырмас үшін, ресейлік рубльмен операцияларды тек мемлекеттік «Керемет Банк» жүзеге асыратынын айтты. Бұл банк мемлекет бақылауында, әрі осы қызметтен түскен пайда бюджетке түседі. «Капитал Банк» те таза пайдасын толығымен мемлекеттік қорларға аударады.

Пікірлер