Женевадағы келіссөздер. Иран кездесудің нәтижелі болғанын айтты

259
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/LLm7Pkzgw4eQtGy1QXyBGi0H0UENdOxsB4FBI5cz.jpg

Женевада АҚШ пен Иран арасындағы ядролық келіссөздердің екінші раунды аяқталды. Қос тарап ықтимал келісімнің негізгі параметрлері бойынша ортақ түсінікке келген. Бұл туралы Иран сыртқы істер министрлігі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Иран Ислам Республикасы мен Америка Құрама Штаттары арасындағы жанама келіссөздер ортақ мақсаттар мен тиісті техникалық мәселелерді айқындау бағытында жақсы нәтижемен аяқталды», – делінген хабарламада.

Сондай-ақ ықтимал келісім мәтінін әзірлеуді бастау үшін негізгі принциптік мәселелер бойынша жалпы келісімге қол жеткізілгені айтылды.

«Бұл келісімге тез арада қол жеткіземіз деген сөз емес, бірақ ең болмағанда үдеріс басталды. Біз оны мүмкіндігінше тез аяқтауға үміттенеміз және оған жеткілікті уақыт бөлуге дайынбыз. Алайда мәтінді әзірлеу кезеңіне келгенде жұмыс әлдеқайда нақты әрі күрделі бола түседі», – деді Иран СІМ басшысы Аббас Арагчи.

Оның айтуынша, нақты мерзімдер белгіленбеген.

«Тараптар ықтимал келісімнің мәтіндік жобалары бойынша жұмыс істеп, олармен өзара алмасады, содан кейін үшінші раундтың күнін анықтайды», – делінген мәлімдемеде.

ТАСС агенттігінің хабарлауынша, АҚШ әкімшілігі Женевадағы келіссөздерді нәтижелі деп бағалап, Тегеран екі апта ішінде қалған мәселелерді шешуге қатысты ұсыныстарын ұсынады деп күтуде.

Пікірлер