Өзбекстан ресейлік Comedy Club әзілкештерінің өнер көрсетуіне тыйым салды

1600
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/w8FJuYLlyEqFhA6ypEjHkvkrtfuRMdE2NBqIj760.jpg

Өзбекстан Мәдениет министрлігі Comedy Club жұлдыздарының гастролін өткізуге тыйым салды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы SHOT Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Ведомствоның пікірінше, олардың контенті «ұлттық рухқа қайшы» және «этикет нормаларына сәйкес келмейді».

Қазіргі тыйымның бастауы 2023 жылы-ақ байқалған еді. Ол кезде Ташкентте «Музыкалық Comedy Club» шоуын өткізу жоспарланғанымен, іс-шара «техникалық себептерге» байланысты кейінге шегерілген. Бірақ жаңа күн әлі күнге дейін белгіленген жоқ.

SHOT Telegram-арнасы мұндай жағдайлардың жиі кездесетінін атап өтті. Бағдарламалар мұқият тексеріліп, «елдің моральдық нормаларына» сәйкес болу үшін түзетулер енгізу талап етіледі.

Сондай-ақ, биыл Алексей Щербаковтың стендап-нөмірінен кейбір әзілдерді алып тастауды сұраған, ал T-Fest концерті мүлдем тоқтатылған.

2023 жылы Comedy Club-пен қатар Григорий Лепс, Ирина Дубцова, Диана Арбенина және Земфираның концерттері де ауыстырылған болатын.

Пікірлер