Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Украина президенті Владимир Зеленскийге Тәуелсіздік күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды.
«Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Зеленскийді Украинаның ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтап, украин халқына бейбітшілік және құт-береке тіледі», – делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, Украинаның бастамасымен екі апта бұрын Тоқаев пен Зеленский телефон арқылы сөйлесіп, қақтығысты бейбіт жолмен шешу және аумақтық мәселелердің күрделілігін талқылаған еді.
Ұқсас жаңалықтар
Халық жазушысы Мұхтар Шаханов қазақстандықтарды келе жатқан 15 қазан – Қазақ тілі күнімен құттықтады
