Қазақстанда Ресей әншісінің жеке кеші өтпейтін болды

1867
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/VnXLGeGmwddDKBUiBRRsR6nTPN5PdKSKzmv8P3YQ.jpg

Қазақстандықтар әлеуметтік желілерде әнші Полина Гагаринаның концертіне билеттердің Zakazbiletov.kz сайтынан жоғалып кеткенін байқады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы «Газета.ru»-ға сілтеп.

Әнші осыған дейін Астана қаласындағы Конгресс-орталықта 27 қарашаға өз кешін беруді жоспарлап, билеттерге сатылым ашқан.

Алайда алғашқы жарнамалық хабарландырулардан кейін әлеуметтік желілерде ресейлік әртістің өнер көрсетуіне халық арасында бойкот жарияланып, концертті мүлде болдырмау туралы үндеулер тарай бастаған. Сонымен бірге бір онлайн-платформада петиция жарияланып, онда ұйымдастырушылардан концертті өткізуді тоқтатуды талап еткен. Петиция авторларының айтуынша, Гагаринаның Қазақстанға келуі ел ішінде «әлеуметтік шиеленіс пен бөлінушілікке» себеп болуы мүмкін.

Петиция жариялағандар әнші Гагаринаның Ресейді қолдап, 2022 жылы Украинадағы арнайы әскери операцияға ашық түрде үн қосқанын еске салды. Қарсылық барысында мұндай ұстаным Қазақстанның ресми сыртқы саясатына қайшы екені де айтылды.

Гагаринаның ресми сайтында Астанадағы концерт күні өзгеріссіз тұр.

Ал Zakazbiletov.kz сайтында билеттер өшірілген. Ұйымдастырушылар әзірге концерттің өтпейтіні жөнінде ресми хабарлама да жасамады.

Еске салайық, осыған дейін Қазақстанда Jah Khalib (Бахтияр Мамедов)-тың концерті өтпей қалған.

Пікірлер