Мектеп асханасын тексеруге өзгеріс енгізіледі

982
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/AMkgr1QnNE2NCgZwE6OBhOPc3SHMhRRG1cKkc5yk.jpg

Елімізде мектептерді санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандарының тексеруіне қатысты заңнамалық түзетулер енгізу жоспарланып отыр. Бұл туралы мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов жазды, деп хабарлайды "Адырна".

Айтуынша, бұл бағытта бірнеше мәселе бар.

Тексеріс кезінде алдын ала ескертпейді. Бірден айыппұл салынбайды, тек ескертеді. Енді құқық бұзса директор емес, әкімдік жауап береді.

Балалардың өміріне қауіп төнген жағдайда жедел шаралар қолданылады: уақытша жабу, қызметкерді шеттету және т.б.; Мектеп асханаларының жеткізушілеріне арналған арнайы тізілім енгізіледі, жұмысын адал атқармайтындарға тосқауыл қойылады.

Айта кетейік, 2025 жылдың 1 қыркүйегінен бастап, елдегі мектеп асханаларында бірқатар азық-түлік түрлерін сатуға тыйым салынады.

Пікірлер