Туризм және спорт вице-министрі қызметінен босатылды

939
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/pHu3b3uhbV1gI90UpX9mWMAtLw6tq1vRJKG04g2A.jpg

Ержан Еркінбаев ҚР Туризм және спорт вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Ержан Мәлікұлы Еркінбаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР Туризм және спорт вице-министрі қызметінен босатылды», – делінген хабарламада.

Ержан Еркінбаев бұл қызметке 2023 жылдың қараша айында тағайындалған еді.

Ержан Еркінбаев 1982 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік заң академиясын және Халықаралық бизнес академиясын тәмамдаған.

Еңбек жолын 2002 жылы коммерциялық компанияда заңгер болып бастаған. Кейін түрлі жылдары коммерциялық құрылымдарда заңгер, атқарушы директор, бас директор қызметтерін атқарды.

Сонымен қатар ол «Шымбұлақ» тау шаңғысы курортының, «Медеу» спорт кешенінің бас директоры, Алматы мемлекеттік зоологиялық паркінің директоры болды. VI шақырылымдағы Алматы қалалық мәслихатының депутаты ретінде де еңбек етті.

2019-2021 жылдары «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясын басқарды. Ал 2021–2023 жылдары ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі қызметін атқарды.

Пікірлер