Польшаның экс-президенті журналист ретінде бағын сынап көрмек

1780
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/51b6YKxEgmn6ThL7s33zolSMRy4Eo677qLrEuGD2.jpg

Польшаның бұрынғы президенті Анджей Дуда өзін журналистика саласында сынап көрмек. Бұл туралы Kanał Zero интернет-арнасының негізін қалаушы Кшиштоф Становский айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Каналда жаңа автордың пайда болғанын хабарлағаныма өте қуаныштымын. Дуда 16 өзекті тақырыпқа арналған 16 эпизод жазады. Онда ондаған сұхбат, жедел түсірілімдер, түрлі жағдайлар қамтылады. Сондай-ақ Дуда естеліктерін айтып, бүгінгі мәселелерге қатысты көзқарасын білдіреді», – деді Становский.

Журналистің айтуынша, премьера 15 қыркүйекке жоспарланып отыр.

Тамыз айының басында БАҚ Дуданың Халықаралық олимпиада комитетінде жұмыс істеуді, сондай-ақ қоғамдық қызметпен айналысуды көздеп отырғанын жазған еді.

Айта кетейік, Kanał Zero арнасы Польшаның ең ірі оппозициялық «Заң және Әділет» партиясымен байланысы бар деп есептеледі.

Пікірлер