"Денесін мұздатқышта жасырған". Ақтөбеде белгілі дәрігерді азаптап өлтіргені туралы ақпарат тарады

952
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/UxRj6IbaPUCwpx9uOli6GuE55bVF35cmni5frMqZ.jpg

Ақтөбеде 69 жастағы белгілі дәрігер Абай Айсағалиевтің өліміне байланысты қылмыстық іс қарала бастады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Тергеу дерегіне сәйкес, ол өзінің әріптесінің қолынан қаза тапқан. Күдікті марқұмды бірнеше рет пышақтап, балтамен ұрып, кейін денесін мұздатқышқа жасырғаны туралы ақпарат тарады.

31 жастағы әріптесі дәрігерді 2025 жылдың 24 мамыры күні түнде үйінде өлтірген. Қылмыскер оның кеуде тұсына бірнеше рет пышақ сұққан.

Алған жарақаттардан Айсағалиев сол жерде көз жұмған. Күдікті марқұмның қолын байлап, басына пакет кигізіп, денесін мұздатқышқа жасырған. Одан соң банктегі есепшотынан 5,2 миллион теңге шешіп алып, жалпы 7,2 миллион теңге көлемінде шығын келтірген. Ол үшін арнайы силиконды маска қолданып, банкоматтар арқылы ақша алғаны айтылды.

Сот материалдарына сәйкес, айыпталушы марқұммен бес жыл бірге жұмыс істеген және оның жалғыз тұратынын, банкте қомақты қаржысы барын білген. Осы ақпаратты пайдаланып, алдын ала қылмысын жоспарлаған. Қазір күдікті ҚР ҚК-нің 99-бабы («Адам өлтіру»), 188-бабы («Ұрлық») бойынша айыпталуда. Ол кінәсін толық мойындап, істі алқа билердің қатысуымен қарауды сұрады. Сот оның өтінішін қанағаттандырды.

Алқа билер 25 қыркүйекте іріктеліп, одан кейін негізгі сот талқылауы басталмақ.

Пікірлер