Темірлан Еңсебек ісі. Сот отырысы қалай өтті?

1979
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/01/whatsapp-image-2025-01-19-at-09.46.03-960x500.jpeg?token=f9a3e1444a921bb6fced036b1a5c8c89

Алматы қаласының Наурызбай аудандық сотында Qaznews24.kz сатиралық парақшасының авторы Темірлан Еңсебекке қатысты сот отырысы өтті. Оған ұлтаралық араздықты қоздырды деген айып тағылуда, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Сот отырысы барысында адвокат пен мемлекеттік айыптаушы сотталушыдан жауап алды. Темірлан Еңсебек өзінің ісінде нақты дәлелдердің жоқ екенін айтып, жариялаған материалдарының ұлтаралық араздықты қоздыру ниетінен алыс екенін мәлімдеді. Сот процесі кезінде Еңсебектің жақтастары соттың ашық өтуін талап етіп, аудандық сот ғимаратының алдында жиналды. Алайда олардың көпшілігі полиция тарапынан ұсталды. Сот отырысы 11 сәуірде куәгерлерден жауап алу үшін жалғасады.
Пікірлер