15 қыркүйек күні Үкімет отырысында Ішкі істер вице-министрі Игорь Лепеха елде электросамокаттарды пайдалану тәртібін қатаңдату жоспарымен бөлісті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Оның сөзінше, жыл басынан бері электросамокаттардың қатысуымен 361 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 365 адам жарақат алған, бір адам көз жұмған.
Вице-министр тротуарда жүруге тыйым салуды көздейтін жаңа түзетулер әзірленгенін айтты. Бұл ұсыныс былтыр да көтерілген, алайда қолдау таппаған.
Сондай-ақ компанияларға міндеттер жүктеу және әкімдіктерге олардың қызметін реттеуге құқық беру ұсынылмақ.
«Әкім белгілі бір көшеде немесе уақыт аралығында электросамокатпен жүруге рұқсат етіп не тыйым сала алады. Бұл – тиімді шара, біз оны қайта ұсынып отырмыз», – деді Игорь Лепеха.
«Мотоцикл, скутері көп елдің экономикасы жақсы емес деген сөз». Күнде көбейген апаттың ақыры не болмақ?