ДДСҰ басшысы Тедрос Адханом бейресми сапармен Алматыға келді. Қазақстанда оның құдалары тұратыны белгілі, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі.
Тедрос Адханом Гебрейесус бүгін Қазақстанның жетекші медициналық университеті - Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде (ҚазҰМУ) барған.
Медициналық университеттің баспасөз қызметі мәліметінше, бұған дейін ДДСҰ басшысы қала әкімі Ерболат Досаевпен кездескен екен.
“Адырна” ұлттық порталы
Ұқсас жаңалықтар
Шығыс Қазақстан облысындағы денсаулық сақтау саласында JCI стандарты бойынша қызмет көрсету оң жолға қойылды