105 жыл бұрын. Орынбор Қазақ АКСР құрамына енгізілді

1525
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/kSvNnTS7rK3mcQb5iRSMeV1YERQmNyOdKupTblvI.jpg

Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитетінің 1920 жылғы 22 қыркүйектегі қосымша Декретімен Орынбор қаласы мен губерниясы Қазақ АКСР құрамына енгізілді.

1920–1925 жылдар аралығында Орынбор республика астанасы қызметін атқарды.

1925 жылы Қазақ АКСР аумағына Түркістан АКСР-нің құрамында болған Сырдария мен Жетісу облыстары, сондай-ақ Қарақалпақ автономиялық облысы қосылды. Осыған байланысты астананы географиялық тұрғыдан қазақ халқының орталығына көшіру мәселесі көтерілді.

Қазақ Орталық Атқару Комитетінің 1924 жылғы сессиясында астананы Ташкентке немесе Шымкентке көшіру ұсынылды. Алайда, Мәскеудің шешімімен ел астанасы ретінде Ақмешіт таңдалды. 1925 жылғы 9 ақпанда Орталық Атқару Комитеті астананы Орынбордан Ақмешітке көшіру туралы қаулы шығарды

Пікірлер