Трампқа келгенде эскалатор тоқтады. Ақ үй тексеруді талап етті

1780
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/3JKuLAYVmnSIoPoboTruTuTm2PY7dh2HKG1Az8Of.jpg

АҚШ президенті Дональд Трамп БҰҰ Бас Ассамблеясында сөз сөйлеу үшін штаб-пәтер ғимаратына көтеріліп бара жатқан сәтте эскалаторда тұрып қалды. Ақ үй бұл жағдайға қатысты тексеру жүргізу керектігін айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Егер БҰҰ-да біреу эскалаторды президент пен бірінші ханым оған мінген сәтте әдейі тоқтатқан болса, ол адамды дереу жұмыстан шығарып, тергеу жүргізу қажет»,– деді АҚШ әкімшілігінің баспасөз хатшысы Кэролайн Левитт.

Сондай-ақ ол The Times газетіне жарияланған мақаладан үзінді келтірді. Онда дүниежүзілік ұйым қызметкерлерінің өзара қалжыңдап, эскалаторды өшіріп қойып, сол арқылы АҚШ президентін баспалдақпен көтеруге мәжбүрлегендері айтылған.

Еске сала кетейік, жуырда АҚШ-та Дональд Трамп отырған тікұшаққа лазерлік шабуыл жасалған еді. Күдікті Вашингтонда ұсталды. Ол  бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Пікірлер