1 ай бұрын бостандыққа шыққан Ертаевтың түрмеге қайта отыратыны айтылды

1105
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/uRp6iu24RWisP5SxwLLdE6vcMs9bkemvNzhjy6sT.jpg

Bank RBK-ның экс-басшысы Жомарт Ертаев түрмеге қайта отырады. Бұл туралы 1 қазанда Мәжіліс депутаты, адвокат Абзал Құспан айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Ертаевқа қатысты сот қаулысы бұзылды. Өтінішімді қолдап, әділ шешімге ықпал еткен ҚР Бас прокуратурасы Алматы облысының прокуроры мен сотына, сондай-ақ мәселені алғаш көтерген журналистер қауымына алғыс айтамын!» - деді ол.

Еске салайық, 2020 жылдың қарашасында бұрынғы банкир Жомарт Ертаев Bank RBK-тен 144 миллиард теңге ұрлағаны үшін 11 жылға бас бостандығынан айырылған. Онымен бірге тағы 35 адам сотталған еді. Ал екінші қылмыстық іс бойынша сот үкімі  2021 жылы шыққан. Ол қылмыстық топ құрғаны және алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 9 жылға бас бостандығынан айырылған. Жалпы алғанда Ертаев 20 жыл бойы жазасын өтеуі керек болған.

2025 жылдың 3 қыркүйегінде оның рақымшылыққа ілігіп, бостандыққа шыққаны айтылған болатын. 

 

Пікірлер