Жетісу облысында жер сілкінісі сезілді

681
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/poGwPn07HycemWXKmCSYzWbs0qpOcOiyXcdKKQoF.webp

Қазақстандық сейсмологтар жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Жерасты дүмпулері сағат 17:42-де болған. Сейсмологиялық станциялардың мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 209 шақырым қашықтықта орналасқан.

Төтенше жағдайлар министрлігінің ақпаратына сәйкес, дүмпу Жетісу облысының аумағында сезілген. Текелі қаласында – 2 балл, Ескелді ауданындағы Қарабұлақ ауылында – 2 балл шамасында болған.

Қазіргі уақытта зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ.

Мамандар жағдай бақылауда екенін мәлімдеді.

Пікірлер