"Жігері жетпеді". Депутат журналистпен эфирге шықпады

823
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/Xm3DGA3oTolbLNQY31TvjK2j7cLEmni1P0EhjwbU.jpg

Белгілі журналист Гүлбану Әбенова Мәжіліс депутаты, әлем чемпионы Ардақ Назаровты тікелей эфирге шақырып, ашық сұхбат өткізуге ұсыныс жасаған еді. Алайда депутат журналистпен сұхбаттаспады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Әбенова Facebook парақшасында:

“Мен, журналист ретінде, сізді ММА ережесі бойынша ашық жекпе-жекке шақырамын. Шығыңыз тікелей эфирге — сол біздің октагонымыз болсын! Халыққа көп уәде бердіңіз, көп сөз айттыңыз. Енді сөз емес, іс қажет,” — деп бейне үндеу жасаған еді.

Алайда журналист пен депутат арасында ашық сұхбат болмады. Бұл туралы Гүлбану Әбенова видеода айтты.

“Сәрсенбіде, 8 қазан күні Әлем чемпионы, депутат Ардақ Назаров менімен тікелей эфирге шықпады. Мендегі сұрақтарға жауап беруге, аренаға шығуға жігері жетпеді. ҚР ғылым және жоғары білім министрлігі депутаттың курстастары туралы деректі "жеке ақпарат" деді. Ал Назаров үндемеді. Демек, жасыратын бірнәрсе бар сияқты,” — деп мәлімдеді Әбенова.

Қазіргі таңда бұл жағдай қоғам назарын аударып, әлеуметтік желілерде кеңінен талқыланып жатыр.

Пікірлер