Үйде жеті адам болған - алтауы қаза тапты. Павлодардағы өрт

1342
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/BFSk8LvIFaPrTAqWCOQdCBY9AwmFev7bzO83WOUM.webp

Павлодар облысында болған өрт салдарынан алты адам көз жұмды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Қайғылы оқиға Екібастұз маңындағы Солнечный кентінен жеті шақырым жерде орналасқан шаруа қожалығында болған.

Өрт туралы хабарлама 9 қазан күні сағат 06:34-те түскен.

Оқиға орнына облыстық төтенше жағдайлар департаментінің күштері дереу жетіп, өртті сөндіру шараларын жүргізген. Жалын 920 шаршы метр аумаққа тараған және іргелес ғимараттарды да шарпыған.

ТЖД мәліметінше, өрт кезінде үйде жеті адам болған. Олардың бірі 1972 жылы туған ер адам өздігінен сыртқа шығып үлгерген. Оны жедел жәрдем бригадасы ауруханаға жеткізді.

«Оқиға орнынан алты адамның мәйіті табылды», — деп хабарлады өңірдің ТЖД баспасөз қызметі.

Қазіргі таңда өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Пікірлер