Заңсыз қоқыс орындарын жою бойынша шаралар күшейтілді

701
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/IPVllfDVuggS09ySk1xO9YaCpHncnnL4BNGgnsRo.jpg
Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлының төрағалығымен заңсыз қоқыс карьерлерін ретке келтіру мәселесі бойынша жиын өтті.
Жиында қалалық полиция басқармасының жергілікті полиция бөлімінің бастығы Ахан Сапарбеков атқарылған жұмыстар мен анықталған кемшіліктердің орындал барысы тыңдалды. Полиция өкілінің мәлімдеуінше соңғы күндерде 3 кәсіпкер мен 9 азаматтың құқық бұзушылық әрекеті анықталып, жалпы сомасы 865 мың теңге айыппұл салынған. Сондай-ақ, жүк көліктері айыптұраққа қойылған.
Әзімбек Пазылбекұлы бұл көрсеткіштің төмен екенін, рейдтік шараларды күшейту қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ, Полиция басқармасына заңсыз қоқыс орындары бойынша күнделікті рейд жүргізіп, тазалығын қамтамасыз етуді тапсырды.
Сонымен қатар, сектор меңгерушілерінің жұмысын сынға алып, Отырар, Бекзат, Шауғар, Бірлік және Яссы сектор басшыларының тәртіптік жауапкершілігін қарау мәселесін көтерді.
Қала әкімі сондай-ақ, құрылыс және коммуналдық шаруашылық бөлімдеріне де қоқыс карьерлерін толтыру жұмыстары бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.
Заңсыз қоқыс орындарын тазарту жұмыстары 10 қазанға дейін аяқталуы тиіс. Бұл іске коммуналдық шаруашылық бөлімі, тазалық мекемесі мен сектор басшылары толық жауапты болмақ. Сонымен қатар, полиция басқармасы тарапынан күнделікті рейд жүргізу үшін кезекші қызметкерлері бекітілді.
Пікірлер