Қазақ диаспорасы Ресейдің жаңа көші-қон ережелеріне наразылық білдірді

1443
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/RtBZ5cEJp5gSVUovIl1Kg9xrAVZLN6eGpqObBZeR.webp

Ресейден балалардың шығуына қатысты жаңа талаптар Сургут қаласындағы қазақ диаспорасының наразылығын тудырды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

БАҚ беттерінде тараған ақпаратқа сәйкес, Ресейден Қазақстан, Қырғызстан, Беларусь, Абхазия және Оңтүстік Осетияға 14 жасқа дейінгі балалардың шығуы қиындай түспек. Енді оларды елден шығару үшін шетелдік паспорт қажет болады. Бұған дейін кәмелетке толмағандар туу туралы куәлікпен сапар шегетін.

Алайда бұл өзгерістерге қазақ диаспорасы қарсылық танытқан. “Атамекен” қазақ ұлттық-мәдени автономиясының төрағасы Рустам Құжахметов өз сөзінде бұл мәселенің қиын екенін айтты.

“Ресей мен Қазақстан — біртұтас кеден одағының мүшелері. Онда неге 14 жасқа дейінгі балаларға шетелдік паспорт қажет? Неліктен бұрынғыдай туу туралы куәлікпен өтуге болмайды? Бұл ереже шекарадан өту ісін қиындатып, ата-аналарға қосымша ауыртпалық түсіреді”, — деді ол sitv.ru-ға берген сұхбатында.

Құжахметовтің айтуынша, жаңа талап салдарынан Сургуттағы көптеген отбасылар жазғы каникулда балаларын тарихи отанына жіберуде қиындыққа тап болуы мүмкін.

Диаспора өкілдері Ресей билігін бұл ережені қайта қарауға шақырып отыр.

Пікірлер