Трамп 10 баллдан 12 баллға бағалаған кездесу. Ол Си Цзиньпинмен екі сағатқа жуық келіссөз жүргізді

1368
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/kXT36DNYBrALoodt63Pt12hlMtDCdFdm4bw8MVOe.webp

АҚШ президенті Дональд Трамп пен ҚХР төрағасы Си Цзиньпин Оңтүстік Кореяда өткен Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастық саммитінде кездесті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Си Цзиньпинмен бірге сыртқы істер министрі Ван И, оның жақын серіктесі әрі әкімшілік басшысы Цай Ци, мемлекеттік экономикалық жоспарлау комитетінің төрағасы Чжэн Шаньцзе және сауда министрі Ван Вэньтао келді.

АҚШ тарапынан келіссөзге мемлекеттік хатшы Марко Рубио, қаржы министрі Скотт Бессент, АҚШ-тың Қытайдағы  елшісі Дэвид Пердью және Ақ үй аппаратының басшысы Сьюзан Уайлс қатысты.

Қытайлық БАҚ мәліметінше, екі ел көшбасшыларының кездесуі 1 сағат 40 минутқа созылған.

АҚШ президенті кездесуден кейін бірнеше мәлімдеме жасады.

«Си Цзиньпинмен тамаша кездесу тамаша өтті. Біз көптеген маңызды шешімдер қабылдадық. Атап айтсақ, соя бұршақтарын сату жөніндегі келісімдер бірден басталады. Фентанилге салынатын кедендік баж екі есе қысқарып, 10 пайызға дейін төмендейді. Жалпы тарифтер 57 пайыздан 47 пайызға азаяды. Қытай сирек кездесетін элементтер экспортын жалғастырады. Сондай-ақ біз Қытаймен Украинадағы мәселе блйынша ынтымақтаса жұмыс істейміз. Сәуір айында Қытайға ресми сапармен барамын, ал Си жақын арада АҚШ-қа келеді. Тайвань тақырыбы қозғалған жоқ»,—деді ол.

АҚШ президенті ҚХР төрағасымен өткен кездесуді 10 баллдық шкала бойынша 12 баллға бағалады.

Пікірлер