Агроөнеркәсіп: өнім де, инвестиция да өсті

968
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/LsxpLMmT6xvYSiHHpGhyQdLyI26XA8AqgK4JDxtt.jpg

Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенін қолдау мен дамыту мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі болып қала береді. БҚО-да 2025 жылы ауыл шаруашылығы саласына бөлінген бюджет көлемі 56,6 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,2 есегеартық (2024 жылы – 46,3 млрд теңге). Мемлекеттік қолдау шараларының нәтижесінде салада өндіріс көлемі мен инвестициялық белсенділік айтарлықтай артты.

Қамба дәнге толды

Биылғы жылдың қаңтар–қыркүйек айларында ауыл шаруашылығының жалпы өнімі мен көрсетілген қызметтер көлемі 240,5 млрд теңгеге жетті. Нақты көлем индексі 105,8% құрап, өткен жылмен салыстырғанда өсім байқалды. Өсімдік шаруашылығында көрсеткіш 111,1%, мал шаруашылығында 102,7% деңгейінде тіркелген. Бұл туралы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Жасұлан Халиуллин мәлімдеді. Оның айтуынша, салаға осы жылы 27,1 млрд теңге инвестиция тартылыпты. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда үш есеге артық. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығын қаржыландыруға 26,9 млрд теңге кредиттік ресурс бағытталып, оның 12,8 млрд теңгесіне 1 271 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтар лизингке алынды.

Биыл егіс алқабы 638 мың гектарды құрады. Оның ішінде дәнді дақылдар – 288,7 мың га, майлы дақылдар – 137 мың га, картоппен көкөніс-бақша дақылдары – 4,1 мың га, ал мал азықтық дақылдар – 208,8 мың га жерге егілді.

Соңғы жылдары агроқұрылымдар егіс құрылымын әртараптандыру арқылы жоғары табысты дақыл түрлеріне көше бастады. Соның нәтижесінде бұршақты дақылдар көлемі 1,9 есеге, оның ішінде ноқат – 2,4 есеге, жасымық – 1,6 есеге ұлғайды. Майлы дақылдар алқабы 33,4%-ғаарттыиналған өнім көлемі де көңіл қуантады. 285,3 мың га дәнді дақылдан 365 мың тонна астықбастырылды, бұл өткен жылғыдан 110,7 мың тоннаға көп. 133,2 мың га майлы дақылдан 104 мың тонна өнім жиналды. Картоптан – 40 мың тонна, көкөністен – 23,9 мың тонна, бақша өнімдерінен – 21,3 мың тонна өнім алынды. Орташа өнімділік дәнді дақылдарда – 12,8 ц/га, майлы дақылдарда – 7,8 ц/га, картопта – 212,3 ц/га, көкөністе – 162,2 ц/га, бақшада– 304,5 ц/га деңгейінде болды, – деді ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Жасұлан Жолдыбайұлы.

Мал шаруашылығында өсім байқалады

Басқарма мәліметінше, мал шаруашылығы саласында да тұрақты өсім бар. 2025 жылдың 1 қазанындағы мәліметтерге сүйенер болсақ, мүйізді ірі қара – 1 008,0 мың бас (өсім – 107,1%), жылқы – 315,2 мың бас (өсім – 106,7%), түйе – 2,7 мың бас (өсім – 107,4%) дейін көбейген.

Бұдан бөлек, қой мен ешкі басы аздап төмендегенімен, жалпы мал басының өсу серпіні оң бағытта. Биылғы жылдың 9 айында аймақта 73,1 мың тонна ет, 182,8 мың тонна сүт және 100,9 млн дана жұмыртқа өндіріліп, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде бірқатар шаралар жүзеге асырылған.

Мал азығы толық дайындалды

Облыста асыл тұқымды мал үлесі де артып келеді. Мемлекеттік тіркелімде 146,3 мың бас асылтұқымды ірі қара, 76,1 мың қой, 6,7 мың жылқы, 258 түйе бар. Жалпы мал басындағы үлесі: ІҚМ – 15,8%, қой – 6,5%, жылқы – 2,2%, түйе – 9,8%.

Ауыл шаруашылығында тұрақтылық пен жаңасерпін байқалады. Ауыл шаруашылығы – ел экономикасының маңызды тіректерінің бірі. Мемлекеттік қолдау мен аграрлық сектордағы жүйелі жұмыстардың арқасында салада тұрақты өсім мен жаңа инвестициялық бастамалар жүзеге асырылуда.

Биылғы маусымда қыстақ кезеңіне арналған мал азығын дайындау жоспары толығымен орындалыпты. Қажетті шөп көлемі қамтамасыз етіліп, жоспардан артық өнім дайындалған.

Инвестициялық жобалар қарқын алуда

Агроөнеркәсіп кешеніндегі оң серпін – мемлекет қолдауы мен шаруалардың еңбегінің нақты нәтижесі. Инвестиция тарту, өндіріс көлемін арттыру және жаңа технологияларды енгізу арқылы ауыл шаруашылығы еліміздің экономикалық дамуының сенімді драйверіне айналуда.

Агроөнеркәсіп кешенін дамыту жөніндегі 2025–2027 жылдарға арналған «Жол картасы» аясында жалпы құны шамамен 68 млрд теңгені құрайтын 54 инвестициялық жоба іске асырылуда. Оның ішінде22 жоба – мал шаруашылығына, 21 жобаөсімдік шаруашылығына, ал 11 жобақайта өңдеу саласына бағытталған.

Биыл осы жобалардың ішінен 18 жобаны жүзегеасыру жоспарланған. Бүгінгі таңда жалпы құны 9 млрд теңгеден астам болатын 8 жоба толық іскеқосылып, жаңа өндірістер ауылдық жерлерде жұмыс орындарын ашып, жергілікті экономиканың дамуынаоң әсерін тигізуде.

Жерді қайтару және тиімді пайдалану

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары жүйелі жүргізілуде. Ақжайық өңірінде 2022–2024 жылдар аралығында және биылғы жылдың 9 айында жалпы 735 мың гектардан астам жер мемлекет меншігіне қайтарылыпты.

2025 жылы жоспарланған 120 мың гектардың 106 мың гектары мемлекетке қайтарылған.

 

 

Пікірлер