Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Вашингтонға жұмыс сапарымен барды. Бұл туралы 6 қарашада Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Президентті АҚШ Мемлекеттік хатшысының бірінші орынбасары Кристофер Ландау күтіп алды.
Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-та оқитын қазақ студенттерімен кездесті. Мемлекет басшысы отандастарымызбен аз-кем әңгімелесіп, оларға табыс тіледі.
Айта кетейік, ертең Мемлекет басшысы президент Дональд Трамппен келіссөз жүргізіп, «Орталық Азия – АҚШ» саммитіне қатысады.
Ұқсас жаңалықтар