Жетісайдағы трагедия. Қаза тапқандардың кім екені белгілі болды

587
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/pnJevS7RyYBEhBtDx08U0oBBEGYrOiD2i82lZamV.png

Түркістан облысы Жетісай ауданы Алғабас ауылындағы жеке тұрғын үйде болған өрт кезінде екі отбасы болғаны анықталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Жетісай ауданының прокуратурасы өрттен қаза тапқандардың кім екенін анықтады.

"Қаза тапқандар:
1. Шойбеков Дауренбек Талғатбекович, 15 қазан 1991 ж.т. (үй иесі)
2. Амантурдиева Динара Қадірбекқызы, 10 қаңтар 1994 ж.т. (әйелі)
3. Талғатбек Асия Дауренбекқызы, 17 желтоқсан 2015 ж.т.
4. Талғатбек Дана Дауренбекқызы, 22 шілде 2017 ж.т.
5. Талғатбек Алихан Дауренбекұлы, 19 ақпан 2021 ж.т.
6. Талғатбек Амирхан Дауренбекұлы, 19 ақпан 2021 ж.т.
7. Талғатбек Алуа Дауренбекқызы, 18 наурыз 2019 ж.т.
8. Умирзахова Маржан Альдьярова, 8 қаңтар 1990 ж.т.
9. Талғатбек Жансая Олжасбекұлы, 16 қаңтар 2009 ж.т.
10. Талғатбек Ассаубр Олжасбекұлы, 6 желтоқсан 2010 ж.т.
11. Талғатбек Мұхит Олжасбекұлы, 5 қыркүйек 2012 ж.т.
12. Талғатбек Раяна Олжасбекқызы, 20 наурыз 2024 ж.т.
Ауруханаға түскендер:
1. Турегелдиева Гулжамила Сейдахановна, 22 маусым 1964 ж.т.
2. Шойбеков Олжасбек Талғатбекович, 2 тамыз 1986 ж.т.
3. Талғатбек Ясмин Олжасбекқызы, 5 мамыр 2018 ж.т. (жағдайлары ауыр, бірақ бір қалыпты)
Бұл дерек Жетісай АПБ-нің СДТБТ-не ҚР 292-бабының 3-бөлігі бойынша №255144031000553 болып тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу басталды", - делінген хабарламада.
Аудан әкімдігі жанынан жұмысшы штаб құрылып, Жетісай аудандық әкімшілігі мен прокуратура тиісті бағыт-бағдар берді. Қоғамдық саяси ахуал тұрақты.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысы Жетісай ауданындағы өрттен қаза тапқандардың туған-туыстарына көңіл айтып, Үкімет пен облыс әкімдігіне барлық қажетті көмек көрсетуді және оқиғаны жан-жақты тексеруді тапсырды.

Пікірлер