Арасында 20 әйел, 11 бала болған. Қажылар мінген автобус өртеніп, 45 адам қаза тапты

825
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/gvjDTSNpT5dPfNjV1co7faKstvOXPWgbBTBAlaBj.jpg

Сауд Арабиясында Меккеден келе жатқан қажылар автобусы жанармай толы цистерналы жүк көлігімен соқтығысып, өртке оранды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Автобуста барлығы 46 адам болған. Олардың қатарында 20 әйел мен 11 бала бар. Қайғылы оқиғадан тек бір адам ғана аман қалды.

Автобус қажылық рәсімі ұмраны аяқтап, қайтып келе жатқан үнді қажыларын тасымалдаған. Үндістан үкіметі азаматтарының қаза тапқанын ресми түрде растады.

Үндістанның премьер-министрі Нарендра Моди  марқұмдардың отбасыларына көңіл айтты. Ол үнді дипломатиялық өкілдіктері Сауд Арабиясындағы тиісті органдармен байланыста екенін және барынша көмек көрсетіліп жатқанын атап өтті.

Қазіргі уақытта Сауд Арабиясының шұғыл қызметтері оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Жол-көлік апатының нақты себептері анықталуда.

Пікірлер