Алматыда Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару табылды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
«Алматы қаласының Жетісу ауданында Жансүгіров көшесінің бойындағы Үлкен Алматы каналының жанындағы бос ғимараттың ішінде тегіс ұңғылы 12 калибрлі атыс қаруы табылды. Табылған атыс қаруын криминалдық және ұрланған қарулар базасынан сериялық нөмірімен тексеру барысында жоғалған қару екені расталды»,- делінген хабарламада.
Бұл қару 2022 жылы қаңтарда Алматыдағы Сейфуллин көшесіндегі "Оружейник" дүкенінен жоғалған.
Полиция аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабының 3-бөлігімен қылмыстық іс қозғалғанын жеткізді.
Ұқсас жаңалықтар