Қырғызстан президенті Тасмағамбетовті орденмен марапаттады

859
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/CxeOuRa6WAGHtCWrJ7WYfwasAmYqz5F3x5THsHgf.webp

Бішкекте Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының (ҰҚШҰ) Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов пен Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың кездесуі өтті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Кездесу барысында 27 қараша күні Қырғызстан астанасында өтетін ҰҚШҰ Қауіпсіздік кеңесі сессиясына дайындық мәселелері талқыланды. Сонымен қатар Бас хатшы ұйымға Қырғыз Республикасының төрағалығы аясында атқарылып жатқан жұмыс барысы туралы ақпарат берді. Ол биыл өткен ҰҚШҰ Біріккен күштері мен құрылымдарының оқу-жаттығулары және бірлескен операциялардың нәтижелері туралы мәлімдеді.

Садыр Жапаров Иманғали Тасмағамбетовтің мемлекеттер арасындағы қауіпсіздікті нығайтуға және достықты дамытуға қосқан айрықша үлесін атап өтіп, оны Қырғыз Республикасының мемлекеттік наградасы – «Достық» орденімен марапаттады.

Пікірлер