Қазақстан құрамасының еркін күрес өкілі Ризабек Айтмұхан Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өткен Ислам ынтымақтастығы ойындарында екінші орын алды, деп хабарлайды “Адырна”.
Жерлесіміз 97 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады. ҚР ҰОК мәліметінше, Ризабек ақтық сында ирандық Амир Али Азарпирамен күресті. Тартысқа толы белдесуде Иран спортшысы 5:0 есебімен жеңіске жетті.
Ал қазақстандық балуан жарысты екінші орынмен аяқтады.
Ұқсас жаңалықтар