Маңғыстау облысының Бейнеу ауылында 21 қараша күні түлкінің шабуылынан екі мектеп оқушысы жарақат алды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Lada.kz мәліметінше, балалар аудандық ауруханаға жеткізіліп, қажетті медициналық көмек алған.
Жарақат алған балалардың бірі 2011 жылы, екіншісі 2018 жылы туған. Біріншісінің оң аяғы, екіншісінің сол аяғын түлкі тістеген.
Дәрігерлер жараларды өңдеп, қажетті екпелерді жасады. Балалардың жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланып, олар амбулаторлық бақылауда қалды.
Ұқсас жаңалықтар