Әріптесін аяусыз ұрып-соққан Шахзадаевтың ұсталғаны айтылды

578
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/pbH31r1jSsq0zJBOktyU4bZMZDWo8pkfQN4AUz62.jpg

Белгілі әнші Мұқасан Шахзадаев ұсталды. Бұл туралы «Нұр-Мұқасан» тобының жаңа мүшесі Ғалымжан Сүлейменнің адвокаты Инга Иманбай айтты. Алайда полиция әзірге өнер иесінің ұсталғаны туралы ресми ақпарат берген жоқ, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Біз полицияның оны таба алмай отырғанын хабарлаған едік. Қазіргі уақытта Шахзадаев ұсталды. Оқиғаға қатысты жедел-тергеу әрекеттері басталды, оған біз Ғалымжанмен бірге қатысуымыз керек. Біз оның міндетті түрде өз жазасын алуы керек деп санаймыз, өйткені ол денсаулыққа қасақана зиян келтірді, сондай-ақ бірнеше күн бойы жауапкершіліктен қашып жүрді»,-деді заңгер.

Еске салайық, бұған дейін Ғалымжан Сүлеймен соққыға жығылғанын айтқан болатын. Жәбірленуші даудың басы топ орындаған әннен басталғанын жеткізді. Мәселені бейбіт жолмен талқылау үшін ол топтың бұрынғы әншісі Мұқасан Шахзадаевтың үйіне барған. Алайда ол жақта жағдай ушығып, бірнеше адаммен бірге жүрген Шахзадаев Ғалымжанға күш қолданған.

Пікірлер