Армения ҰҚШҰ-дан шыға ма? Министр жауап берді

764
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/SlQ8wB1PB5716fBnUdgh0d8QD2Vq9Y4GIsUAYm4n.jpg

Армения қазіргі кезеңде ҰҚШҰ-дан шығу мәселесін талқылап жатқан жоқ. Бұл туралы елдің сыртқы істер министрінің орынбасары Мнацакан Сафарян мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Қазір Арменияның ҰҚШҰ-дан шығуы мәселесі Сыртқы істер министрлігінің күн тәртібінде жоқ. Бізге мұндай міндет қойылған емес», — деді ол.

Оның айтуынша, Арменияның ҰҚШҰ бағытындағы ұстанымы мен өзара іс-қимыл форматы белгілі.

«Біз ҰҚШҰ жұмысына қатыспаймыз, бірақ шешімдер немесе құжаттар қабылдау процесіне кедергі жасамаймыз. Қазіргі кезеңдегі біздің саясат — осы. Армения сыртқы саясатын өз мүдделері мен қалыптасып жатқан жағдайға қарай жүргізеді», — деп атап өтті Сафарян.

Еске салайық, 2024 жылдың шілдесінде премьер-министр Никол Пашинян Арменияның ҰҚШҰ-дан шығуы «ең ықтимал нұсқа» екенін айтқан еді.

Пікірлер