Қалдықтарды қайта өңдеу зауытында жарылыс болды

568
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/wUXaOT8cWscV1Qm63o8ihIShBteWim76Md5kvmcQ.jpg

Австралияның Сидней қаласындағы қалдықтарды қайта өңдеу зауытында өрт пен қуатты жарылыс орын алды. Жанып жатқан нысанды сөндіру барысында екі өрт сөндіруші зардап шекті. Бұл туралы Жаңа Оңтүстік Уэльс штатының өрт-құтқару қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна”.

«200-ден астам өрт сөндіруші түнде Сиднейдің батысындағы Норт-Сент-Мэрис ауданында орналасқан қалдықтарды қайта өңдеу зауытын шарпыған жалынды ауыздықтады. Үлкен отты шар жарылып, жалын нысанның үстінде 150 метрге дейін көтерілді… Төтенше жағдайдың қызған шағында екі өрт сөндіруші қолдарынан жеңіл жарақат алды», – делінген мәлімдемеде.

Құжатқа сәйкес, химикаттарға толы үлкен резервуар жарылып, соның салдарынан өрт сөндірушілерге жұдырықтай бетон кесектері жауған. Бұл өрт соңғы жылдары аймақтағы ең ірі оқиғалардың бірі ретінде аталды.

Оқиға орнында Үлкен Сидней аймағының түрлі өрт-құтқару бөлімшелері, сондай-ақ қауіпті материалдармен жұмыс істейтін арнайы бригадалар жұмылдырылған. Өрттің шығу себебі әзірге белгісіз.

Пікірлер