Аутист балалардың аналарына соқтыққан блогер ұсталды

369
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/fSxjfm291j5rr6JWkNveVNyx2HEE0cXFt9VCamqH.webp

Астана полициясы блогер Гүлнәр Оразалинаны ұстады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Бұл туралы журналист Гүлбану Әниятқызы желідегі парақшасында жазды.

Медиа маманның жазуынша, блогер "«ерекше балалар, аутистердің өмірге келуіне “жүргіш” аналары себеп. Жүргіштердің жазасын алатын уақыты келді» деп мәлімдеген.

Бұл сөз ерекше баласы бар ата-аналардың наразылығын туғызып, көптеген адамдар шағым түсірген.

Блогердің ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Журналист Гүлбану Әниятқызы бұл жағдай омбудсмен араласқаннан кейін шешілгенін атап өтті.

"Омбудсмен Динара Зәкиева араласқаннан кейін шығар, полиция қимылдапты. Әділ жазасын береді, өзгелерге сабақ болады деп ойлаймын.

Әйтпесе, ерекше баласы бар аналарды автобуста, емханада, орталықтарда одан қалды әлеумжеліде тілдеп кететіндер азаймай тұр…" - делінген жазбада.
Қалалық ПД ақпаратты растап, блогердің ұсталғанын хабарлады.
"Басылым авторы ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Бұзақылық фактісі бойынша материалдар жиналып, шешім қабылдау үшін сотқа жіберілетін болады", — делінген хабарламада.
Пікірлер