2 желтоқсанда сотта тіс дәрігерге қатысты тыңдалым өтті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Tengrinews.kz-ке сілтеп.
Астанадағы емханалардың бірінде тісін емдеткен кішкентай қыз көз жұмды. Анесезиологтың үстінен қылмыстық іс қозғалған.
Дәрігердің үстінен де тексеріс жүргізіліп, алайда оның кінәсі жоқ деп танылған. 2 желтоқсан күні қалалық сотта қыздың тісін емдеген дәрігер куәлік етті.
Ол өз сөзінде 23 қазан науқастың анасына кеңес жүргізгенін, сол кезде балада 11 кариоздық тіс анықталғанын айтты. Ол ата-ананы алдын ала тексеруден өтіп, жалпы анестезияға дайындалу үшін талдаулар тапсыру қажеттігі туралы хабарлаған.
Дәрігердің айтуынша, 30 қазанда тістерді тазалау және рентгендік диагностикадан кейін қосымша 7 кариоздық тіс анықталып, емделетін тістер саны 18-ге жеткен.
"Біз анасына өзгерген ем жоспарын көрсеттік, кабинеттің ішінде әр тісті жеке көрсетіп, ауызша келісім алдық. Бұл кезде бала наркоз астында болған", – деді стоматолог. Барлық процедуралар куәгерлер қатысында, соның ішінде көмекші, анестезиолог және анестезиолог көмекшісінің қатысуымен жүргізілгені атап өтілді.
Прокурор Еркебұлан Шалқаров анадан расымен келісім берілгенін сұрағанда, әйел ауызша келісім берілгенін растап, алайда алаңдаушылық білдіргенін айтты.
"Балаға 18 тіс емделуі қажет екенін айтқанда, біз бірнеше рет процедураның қауіпсіздігін сұрадық. Сол кезде келісім бердік", – деді ол.
Дәрігер жалпы анестезия кезінде ешқандай алаңдататын жағдай болмағанын, төрт сағатқа созылған емнің стандартты болғанын атап өтті. Сонымен қатар, жалпы наркозды қолдану тек анестезиологтың шешіміне байланысты екенін, және «Севоран» газының ең қауіпсіз анестезия түрі екенін айтты.
Сондай-ақ, стоматолог жалпы анестезиямен балаларды емдеу Қазақстандағы стандартқа сәйкес жүргізілгенін, 4 жасқа дейінгі балаларда көп тісті кариес болған жағдайда бір сеанста емдеу қауіпсіз екенін жеткізді.
Сот процесі жалғасуда, келесі отырыста куәгерлердің жауаптары тыңдалатын болады.
Қытай Шығыс Түркістанда су бөгеттерін салуда. Бұл біздің аумағымыздағы Іле пен Ертістің су деңгейін түсіруде.