Жол апатынан бес адам зардап шекті

153
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/d6lbhdGWuWjBrEiIw0s15GKGk6GG3P7OjljGNYpz.webp

Астана – Көкшетау – Петропавл республикалық маңызы бар автожолда екі көлік соқтығысты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының мәліметінше, Көкшетау бағытына қарай қозғалған Toyota Alphard жүргізушісі көлікті басқара алмай қалып, қауіпсіз арақашықтықты сақтамаған. Соның салдарынан жол таңбасын сызу жұмыстарын сүйемелдеп келе жатқан «ГАЗель» көлігімен соқтығысқан.

Апат салдарынан бес адам зардап шекті. Олардың барлығы жедел жәрдем қызметімен Бурабай аудандық орталық ауруханасына жеткізілді.

Оқиға орнын тексеру барысында жолдың түзу екені, асфальтбетон жабынында көзге көрінетін ақаулардың болмағаны анықталды. Жол-көлік оқиғасы болған сәтте аталған учаскеде «ҚАЖсервис» компаниясының қызметкерлері жол таңбасын жаңарту жұмыстарын жүргізіп жатқан.

Пікірлер