Судан қаңқалары табылды. АН-22 әскери ұшағы құлады

285
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/1YU61ud3c37PrW7SPemofDHNY9CE2qL3iay2eAkl.webp

Ресейдің Иваново облысында Ан-22 әскери-тасымал ұшағының құлағаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

ВВС хабарлауынша, ұшақ апаты Уводь су қоймасы маңында болған. Ұшақтың сынықтары су бетінен табылған.

Құқық қорғау органдарының дерегінше, әуе кемесі жөндеуден кейін жоспарлы бақылау ұшуын орындаған.

Елдің қорғаныс министрлігі Ан-22 ұшағының құлағанын растап отыр.

Ведомствоның хабарлауынша, ұшақ адам тұрмайтын аумаққа құлаған. Экипаждың жағдайын анықтау үшін оқиға орнына іздестіру-құтқару тобы жіберілді.

Дереккөздің хабарлауынша, апатқа ұшыраған Ан-22 ұшағының экипажы алдын ала мәлімет бойынша аман қалмаған. Құтқарушылар қазір ұшқыштарды немесе олардың денелерін іздеу жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Апат орын алған су қоймасы аумағынан әзірге тек әуе кемесінің сынықтары ғана табылған. Белгілі болғандай, экипаж мүшелері соңғы рет жермен байланысқа сағат 11:00 шамасында шыққан.

 Сонымен қатар, оқиғаның себептерін зерттеу үшін Ресей әуе-ғарыш күштерінің арнайы комиссиясы жұмысқа кірісетін болды.

Пікірлер