Қытайдың "Ұлы жорығымен" жаңа жерсерігі ғарышқа көтерілді

205
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/FKG3HJJKcPmoTPr5GAdDSV7LJPpsE7ZFMiXzchle.jpg

Қытай елдің солтүстік-батысындағы Цзюцюань ғарыш айлағынан алыстан зондтауға арналған «Яогань-47» жаңа жерсерігін сәтті ұшырды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Синьхуаға сілтеп.

Жерсерік «Чанчжэн-4B» (Long March-4B) зымыран тасығышының көмегімен Бейжің уақытымен 11:41-де (Астана уақытымен 08:41) ғарышқа көтерілді. Ұшырылым сәтті өтіп, аппарат жоспарланған орбитаға шығарылды.

«Яогань-47» спутнигі ұлттық жер ресурстарын зерттеу, қалаларды жоспарлау, жол желілерін жобалау, ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін бағалау, қоршаған ортаны қорғау мен мониторинг жүргізу, сондай-ақ табиғи апаттардың алдын алу және олардың салдарын азайту бағытында пайдаланылмақ.

Айта кетейік, бұл — «Чанчжэн» («Ұлы жорық») зымыран тасығыштар сериясының 614-ші ұшырылымы.

Пікірлер