Баянның баянды бейнелері

199
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/Jxe1SlkcDNWeDifLMjTqr1hANTzTxnHWZwDvNjvd.jpg

2023 жылдың 17 қарашасында Астана қаласында қазақ өнеріне жаңа леп алып келген «Jan» иммерсивті театрының тұсауы кесілгені белгілі. Б.Сарыбай жазып, осы жолдардың авторы инценировкалаған, Р.Алишев сахналаған «Өліара» лирикалық комедиясы аталмыш жас театрдың тұңғыш қойылымы болды

Сол күні  кіл «сен тұр, мен атайын» дейтін талантты қыз-жігіттердің арасында бір жас қыз ерекше актерлік өнерімен көзіме оттай басылды. Ол сол кездегі Қазақ Ұлттық Өнер Университетінің «Драма театр және кино актері» мамандығының 3 курс студенті Сайлаубек Баян болатын.  Сахнадағы комедия  Баянның қасындағы құрбысымен айтатын өсегінен басталатын. Қарапайым ғана  ауыл өсекші әйелінің бейнесі. Көрерменді еріксіз күлкіге батырған кішігірім көрініс қалың жұртшылықтың көңілін бірден тапты. Одан кейінгі сахналарда Баян  қатал, талапшыл орыс тілі мұғалімі Абайдылданова рөлімен шыққан кезде,  әр көрушінің ойына  бір-бір сұсты мұғалімдері еске түсті. Яғни, Баян өз кейіпкері арқылы жұртшылықтың  есіне осыны түсіртті. 

Спектакльден кейін инценировка авторы ретінде ақ тілегімді білдіргенім бар-ды. Баянның да, қуанып, марқайып қалғаны да, көз алдымда. Мен Баянды-рөл тудыршы актриса дер едім. Өйткені, ол қай тұлға болмасын, тіпті, көпшілік сахнаның өзінде өз-өзіне рөл, мақсатты бейне жасай алатын актриса. Сөзімізге, жоғары да, аталған «Өліара» лирикалық комедиясындағы қаһармандары дәлел. Бұндай маман бүгінгі таңдағы өнер әлеміне ауадай қажет. К.Станиславскийдің: «Кішкентай рөл болмайды, кішкентай актер болады» деген сөзі Баянға айтылғандай. Баянның сахнадағы  темпоритмі, қайрат-жігері өнер сүйер қауымды таңқалдармай қоймайды.  Жақында ғана тұсауы кесілген «Тақиялы періште» музыкалық комедиясы аз ғана уақыттың ішінде халық жүрегіне жетті.

Ал сондағы Алтыншаш бейнесіндегі Баянның мінез-құлқына, шиеленістіруне сүйсінбеу мүмкін емес. Баян-Алтыншаш-ол өз адамың күтіп жүрген кейіпкер.  Оның «отбасы» дейтін кемеге капитанымен бірге жүзгісі келеді. Бірақ, кемеге иелік ететін капитаның ұзақ тосады. Сөйтіп, Тайлақтан жылу, махаббат күтеді. Бірақ, «сезім» атты құбылыс Алтыншаштың қалауын орындамайды.  Баян-Алтыншаш-айналадан жылулық іздеп жүрген жан. Оның ішкі жан-дүниесінде тазалық, кіршіксіз адалдық жатыр. Бірақ, махаббаты үшін күресу керек, Тайлақтан айырылмау керек. Міне, Баян-Алтыншаш осыны жақсы түсінген. Театр тілімен айтқанда кейіпкердің «мінез-құлқын» бере алды. Бұл жас актриса Баян Сайлаубектің өзін «өнер әлемінде» дәлелдеуі деп білемін! Баян-алумпуласы терең актриса. Оның ішкі құбылысында сан мыңдаған мінезді жандар астасып жатыр. Баянның болашағы Еңлік, Катарина, Мақпал, Памелла, Аркадина, Толғанай сынды қаһармандармен толығады деп сенемін! Баян, өнерің өрге жүзсің! Баянның баянды бейнелері толастамасын! 

Бахтияр Тұрсын

Театртанушы

Пікірлер