Германия Бундестагының Құқықтық комитетімен өзара тәжірибе алмасу өтті

34
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/Eh5jvu8hpUVX81heDidOuFmT6PspZu6JNJhIBPoy.jpg

Алматы қаласы Әділет департаментінде Германия Федеративтік Республикасының Бундестагы жанындағы Құқықтық мәселелер және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің өкілдерімен ресми кездесу өтті. Халықаралық деңгейде ұйымдастырылған бұл іс-шараға Алматы қаласы Әділет департаментінің басшысы Балаим Туғанбаевна Кесебаева, сондай-ақ департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің жетекшілері мен жауапты қызметкерлері қатысты.

Кездесу барысында тараптар құқықтық жүйені жаңғыртуға бағытталған конституциялық реформалардың жүзеге асырылуы, мемлекеттік басқару саласындағы цифрландыру үдерісінің барысы, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен оған қарсы іс-қимыл жасау мәселелері бойынша өзекті тақырыптарды кеңінен талқылады. Қазақстан тарапынан мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру, азаматтарға көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында заманауи цифрлық технологияларды енгізу тәжірибесі жан-жақты таныстырылды.

Өз кезегінде Германия делегациясының өкілдері құқықтық реттеу саласындағы ұлттық тәжірибелерімен бөлісіп, тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асырудағы тиімді тетіктер мен озық тәжірибелерді ұсынды. Сонымен қатар, құқық үстемдігін қамтамасыз ету және қоғамдағы сенімді нығайту жолындағы жүйелі жұмыстардың маңыздылығы атап өтілді.

Мұндай халықаралық ынтымақтастық пен кәсіби диалог әділет саласына заманауи әрі тиімді шешімдерді енгізуге, екі ел арасындағы тәжірибе алмасуды нығайтуға, сондай-ақ қоғамның құқықтық мәдениетін дамытуға және заңға деген құрметті арттыруға кең мүмкіндік береді.

Пікірлер